Түркістан облысында миллионға жуық балаға Ұлттық қордан 100 АҚШ доллары берілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Биыл Ұлттық қордан Түркістан облысындағы 922 841  балаға қаржы аударылды. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Асылбек Ошанов мәлімдеді. 

ақша аударылды
Фото: Kazinform

Қазақстан Республикасының азаматы саналатын 18 жасқа дейінгі барлық балаға 1 ақпан күні ҚР Ұлттық қорынан алғашқы қаржы аударылды. Бағдарламаға еліміз бойынша 6 919 131 бала, ал Түркістан облысы бойынша 922 841 бала қатысушы ретінде тіркелген. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшеріндегі бірдей сома берілді.

«Жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома көлемі ұлғайып отырады. Шоттағы қаржыны бала кәмелет жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсай алады. Жалпы Ұлттық қордың былтырғы инвестициялық жылдық кірісі 1,39 миллиард АҚШ долларын құрады», - деді Асылбек Ошанов.

Соңғы жаңалықтар