Түркістан облысында мыңға жуық учаске жұмыс істеп жатыр
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.
Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сонымен қатар 167 ауылдық елді мекенде тұрғындар жылжымалы медициналық пункттер арқылы тегін тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алып жатыр.

Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ бүгін таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көлік ақысыз қызмет көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, дауыс беру – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.