Түркістан облысында оқушы қыз әкесінен жүкті болып қалды

жүктілік
Фото: Pexels

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Кәмелет жасына толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір күдікті қамауда отыр.

Сараптамалар да тағайындалған. 

«Барлық жағдайлар анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», -деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан.

Соңғы жаңалықтар