Түркістан облысында онкологиялық есепте тұрушылар саны 10 мыңнан асты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан облысында қатерлі ісікпен науқастанушылар көбейген. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас дәрігер-онкологы Бауыржан Бертаев мәлімдеді.

аурухана
Фото: Pexels

Бүгінгі күні облыстық онкологиялық орталықта 10 010 науқас диспансерлік есепте тұрады. Бұл көрсеткішті өткен жылдармен салыстырар болсақ, 6 пайызға өскенін көреміз.

Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісікке шалдыққандар ішінде сүт безі және өкпе обыры, жатыр мойны қатерлі ісігі, тоқ ішек обыры жиі кездеседі. Аталған дерттің алдыну алу бағытында Түркістан облыстық онкологиялық орталықта және аудандық емханаларда 3 ақпаннан бастап ай соңына дейін ашық есік күндері ұйымдастырылуда. Онда дәрігерлер тұрғындарға ақысыз тексеру жүргізіп, кеңес беріп жатыр. 

«Түркістан облысында 2023 жылы қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша жалпы скринингтік жоспар 100 пайызға орындалды. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін скринингке көпшілік мән бермейді. Егер дер кезінде уақытылы тексеруден өтіп, ем алатын болса қатерлі ісікті емдеу көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан барша облыс тұрғындарын ашық есік күнінде белсенді болуға шақырамыз. Емдік шараға кез-келген Түркістан облысының азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін, әлеуметтік сақтандырусыз жүгіне алады», - деді Бауыржан Бертаев.

Соңғы жаңалықтар