Түркістан облысында пара берген 30 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр
Түркістан облысында пара берген 30 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысында пара берушілер қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы 24 адамның пара беру фактісі тіркелген болса, биыл бұл көрсеткіш 30-ға көбейген.
Сондай-ақ, соңғы 4 жылда жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге жәрдемдескен 49 тұлға көтермеленіп, оларға 7,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.
«Белсенді азаматтарды агенттік қолға алып отырған «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде ерікті болуға шақырамыз. Жоба аясында өңірдегі өзекті мәселелерді ұсынып, бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін қадағалауға немесе аймақтағы проблемалық мәселелерді бақылауға болады. Біздің өңірден бүгінгі күні 88 ерікті осы жоба бойынша жұмыс істеп жатыр» - деді, Мұрат Төлеубаев