Түркістан облысында шопан боранда бір отар қойымен бірге жоғалып кеткен
Қасында бір отар қойы бар 58 жастағы ер адам жол бойындағы қораны паналаған, деп хабарлайды Kazinform.
Отырар ауданына қарасты Сарыкөл ауылында бір отар қойы бар шопан жоғалып кеткен болатын.
Қатты жел, қарлы боран және аязға қарамастан іздестіру жұмыстары түнімен жүргізілді.
Нәтижесінде таңғы сағат бестер шамасында құтқарушылар 58 жастағы ер адамды тапты.
«Іздестіру кезінде шопан Сарыкөл ауылынан 20 шақырым жерден табылды. Ер адам жол бойындағы қораны паналаған. Жаурап қалған. Қазір қауіпсіз жерге жеткізілді. Қойлары да түгел» делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.