Түркістан облысында талан-таражға түскен бюджет қаражатының 1 мрлд теңгеден астамы қайтарылды

бюджет
Фото: Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM –  Аталған іс бойынша жалпы 80 адам күдікті деп танылған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев мәлімдеді.

Елді елең еткізген білім саласындағы мемлекет қаражатын талан-таражға салу деректері бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келес, Мақтаарал, Бәйдібек, Созақ аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар мен бірқатар қылмыстық істер бойынша жалпы 80 адам күдікті деп танылған. Олардың бір бөлігі қамауға алынды.

«Аталған іс бойынша бюджетке келтірілген залалдың көлемі 3 млрд теңге. Бүгінгі таңға қолданылған шаралардың нәтижесімен 1 мрлд теңгеден астам қаражат қолма-қол облыс бюджетіне қайтарылды. Іс бойынша жүргізілген қатарлас қаржылық тергеу нәтижесімен күдіктілермен үшінші тұлғалардың атына рәсімделген 1,8 млрд теңгенің (қымбат көліктері, коттедждер, ғимараттар, жер телімдері және де басқадай) мүліктеріне сот санкциясымен тыйым салынды», - деді Ерболат Балғабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 2,6 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінгені жайында жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram