Түркістан облысында тау басында жоғалып кеткен екі бала құтқарылды

Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен екі бала табылды, деп хабарлайды Kazinform.

балалар
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Тауға мал іздеп шыққан 13 және 12 жастағы екі бала өздігінен түсе алмай қалған. Содан үйіне оралмаған соң, туыстары көмек сұрап, құтқарушыларға хабарласыпты.

Түнгі сағат 22:50-де құтқарушылар Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 7 км шақырымындағы Қазығұрт тауында жоғалып кеткен екі баланы тауып, таулы жерден төмен түсірді.

«Кеше кешкісін Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне екі баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 13 құтқарушысы және 3 техникасы, жедел құтқару жасағының 6 қызметкері және 1 техникасы, Полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды» делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратта.