Түркістан облысында тауға шыққан ер адамның жүрегі кенеттен тоқтап қалды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Оқиға Төлеби ауданында болды.

жедел жәрдем
Фото: Kazinform

Таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалысқа шыққан 51 жастағы ер адам қайтыс болды. Қасындағы замандастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалған. 

«Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз (кенеттен)»-делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.