Түркістан облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі

Ветеранам Великой Отечественной войны планируют выплатить по 2 млн тенге в Алматы
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалпы 3654 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176,5 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленеді. Оның ішінде 11 Екінші дүниежүзілік соқыс қатысушылары мен мүгедектеріне 1500,0 мың теңге, кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген басқа да санаттарға 100 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына 60 000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден (3522 адам) беріледі.

Жеңіс күнінде Түркістан қаласындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар патриотизм мен отансүйгіштік рухты нығайту мақсатында белгілі тарихи тұлғалардың, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, волонтер жастардың күшімен ЕДС қатысушыларға көмек көрсету, «Ардағым ардагерім» акциясы өткізіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысынан Екінші Дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батыры және 8 - і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.

Соңғы жаңалықтар