Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға шыққан 100-ден астам техника айыптұрақта

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға шыққан 100-ден астам техника айыптұрақта
Фото: pexels.com

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейтілген түрде жүріп жатыр. Құзырлы орган басшылары мен карьер иелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға көрілетін шара, алдын алу жайттары талқыланды.

Түркістан облысында табиғатқа залал келтірушілерді анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп келеді. Бұл бағытта жыл басынан бері 19 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша 142 тұрғын анықталған. Ал, 100-ге тарта техника айыптұрақта. Олардың ішінде экскаватор, погрузщик, КAМАЗ секілді ауыр жүк көліктері бар. Әзірге, 63 әкімшілік іс қозғалып, экология департаментімен 24 хаттама толтырылған.

«Полиция тарапынан заң бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстардың жүргізілуі тоқтамайды», - деді полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Аталған мәселе аясында бірқатар баяндама жасалып, өңірде жер қойнауын пайдаланушылар, құмды-қиыршық тас, құрылысқа арналған саз топырақты заңсыз артып әкетіп жатқандармен күрес барысы талқыланды. Ал карьер иелері құрылым басшыларына өздерінің көкейдегі сауалын қойып, нақты жауап алды.

Соңғы жаңалықтар