Түркістан облысында жыл басынан бері 17 адам суға кеткен, оның 13-і балалар

суға батты
Фото: Pexels

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – 2 баланың денесі өзеннен, 8 адамның денесі каналдан табылған.  Ал, үй ауласындағы шұңқырға 7 адам құлап кеткен. Бұл туралы Түркістан облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дүйсен Оразгелді мәлімдеді. 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес өңірде шомылуға арналған 27 орын бекітілген. Қазіргі таңда онда коммуналдық жағажайлар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал, балалардың абайсызда каналдарға құлап кетуінің алдын алу мақсатында елдімекендер ішінен өтетін каналдарға қоршаулар орнатылуда.

«Түркістан облысында жыл басынан бері 17 адам суға кеткен, оның 13-і балалар. Облыс аумағында судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері жергілікті әкімдіктер мен полиция қызметі, көлік және балық шаруашылығы инспекцияларымен бірлескен рейдтік жұмыстар, халықпен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ «Судағы қауіпсіз демалыс» акциясы мен білім беру ұйымдарында интерактивті сабақтар өткізілді. Үгіт материалдары таратылып, жергілікті БАҚ мақалалар жарияланды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады» - деді Дүйсен Оразгелді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram