Түркістан облысында жыл басынан бері 380 адам жол апатынан мерт болған

Түркістан облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 380 адам мерт болған, деп хабарлайды Kazinform.

дтп
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында ерекше акция басталды.

Яғни, апатқа ұшырап, жарамсыз болып қалған көліктерді тиеген эвакуаторлар қала көшелерін аралап, жол қауіпсіздігінің салдарын көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, «Жылдамдықты асырмаңыз, сізді үйде отбасыңыз күтіп отыр», «Қарама-қарсы бағытқа шықпаңыз, бұл сіздің және өзгелердің өміріне қауіпті», «Ойланыңыз, мас болып көлік жүргізу аса қауіпті» деп көлікке жазылған сөздер де бірден көзге түседі.

Полицейлер дауыс зорайтқыш арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында ескертпе айтып жүр.

дтп
Фото: Түркістан облысы ПД

«Түркістан облысы полиция департаментінің бастамасымен облыс орталығында аса маңызды акция ұйымдастырылып отыр. Осы арқылы тұрғындарға ой салып, жол апатының салдары өте ауыр екенін елдің санасына жеткізуге тырысып жатырмыз. Түркістан қаласынан бастау алған акция бір апта жалғасады. Облыстағы 17 қала-ауданда да өткізіліп, түсіндірме жұмысын жүргіземіз», - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.