Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 68%-ға көбейген

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары 68 пайызға өскен. Ал, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандардың көрсеткіші 16%-ға төмендеп отыр. 

Дорожный знак ДТП Жол белгісі ЖКО жол апаты
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жол-көлік оқиғаларының жай-күйі талқыланды.

Жол апаттары Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Отырар аудандарында өскен.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қылмысты төмендету бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты шаралар қабылдауды, осы бағытта жұмысты жалғастырып, қоғамдық қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Мүсіровтің айтуынша өңірде қылмыс саны 7%-ға азайған.

Ал, ауыр қылмыстар 15,3%-ға төмендесе, аса ауыр қылмыстар 9,6%-ға өскен.

Ұрлық 38,4% -ға кеміген, тонау — 26,1%, мал ұрлығы — 46,1%, бұзақылық — 25,7%, интернет алаяқтық — 5,3%-ға азайған.

Мәжілісте кедендік бақылау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасы және басқа да маңызды мәселелер қаралды. 

Жиын барысында берілген тапсырмалар, айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, нәтижелі жұмыстарды атқару міндеті жүктелді.

Соңғы жаңалықтар