Түркістан облысында жолды сапасыз салған мердігер 9 млн теңге айыппұл төлейтін болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Өңірде 5500 шаршы метрден астам жол жабыны қайта төселді.

Түркістан облысында жолды сапасыз салған мердігер 9 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Фото: Kazinform

Ұлттық сапа орталығы өңірдегі 42 облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен 208 ауыл көшесінің құрылысын бақылауға алған. Аталған нысандарға 2017 рет тексеру жүргізген сала мамандары салынып жатқан жолдардан 2147 сынама алған. Нәтижесінде 152 кемшілік анықталып отыр.

- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына 25 хат жолданды. Нәтижесінде мердігерлерге 9,599 млн теңге, техникалық қадағалаушыларға 9,555 млн теңге айыппұл салынды. 12 жол құрылысын бақылаған техникалық қадағалаушының лицензиясы 6 айға тоқтатылды. Ұлттық сапа орталығының нұсқауымен 5500 шаршы метрден астам жол жабыны қайта төселді, - деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалы директоры Ғалымжан Өтенбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында 4 жыл бұрын жоғалған қыз табылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар