Түркістан облысында ЖШС жердің құнарлы қабатын заңсыз қырып алған
АСТАНА. KAZINFORM - Түркістан облысында жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-ге тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізді.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды. Департамент берген бұл заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Серіктестік мерзімінде орындамады.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Серіктестікке тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Президент кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылғанын жазған едік.