Түркістан облысында жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын көбейтілді

Түркістан облысында қызылша жұқтырған балалар көп, деп хабарлайды Kazinform.

скарлатина
Фото: Pexels

Түркістан облысында қызылша жұқтырғандардың көпшілігі балалар. Мәселен, өткен жылы 2000 астам науқасқа «қызылша» диагнозы қойылса, оның басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құраған. Ал, биыл өңірде қызылша инфекциясының 15 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 11 бала бар.

Жалпы өңірде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қолға алынып отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған қосымша 407 төсек-орын жасақталып, жалпы саны 1032-ге жетті.

«Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 152344 бала қызылшаға қарсы вакцина салдырды. Ата-анарды балаларын қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз, қызылшамен ауырған адамда ауыр асқынулар орын алуы мүмкін. Ал, екпе салдырған адамда өмірлік иммунитет қалыптасады» - деді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов.

Соңғы жаңалықтар