Түркістан облысындағы 9 облыстық, 1 республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабық

Түркістан облысы
Фото: egemen.kz

Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолда 300-ден астам жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі кезде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі республикалық маңызы бар жолда қар құрсауында қалған 61 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілді. 

«Боран әлі басылған жоқ. Өңірдегі 9 облыстық, 1 республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабық. Полиция департаменті мен Төтенше жағдай департаментінің және жол қызметтерінің күштерімен және құралдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Жолда қалған жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілуде. Облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауларын ескертеміз» - деді Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиев.

Айта кетейік, бұдан бұрын қатты аяздан Түркістан облысында жолдар жабылып, мектептер онлайнға көшкенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Түркістан облысындағы трассаларда 4 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. 

Соңғы жаңалықтар