Түркістан облысындағы әкімдер мен мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталып, Түркістан облысында да түрлі тақырыпта іс-шаралар өтіп жатыр.

Ұлттық киім
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған күні Түркістан облысындағы барлық мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді. Облыс әкімінің аппараты және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандары да аталған бастаманы қуана қолдады.

Ұлттық киім
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық киімді насихаттау – әрбіріміздің міндетіміз.

Ұлттық киім
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, Түркістан облысында 23 наурызға дейін Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар күнделікті жалғасады. Ал, бүгін сағат 16:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде Түркістан облысындағы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Түркістанның Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы атанғанына байланысты іс-шаралар легі басталады.

Ұлттық киім
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар