Түркістан облысының Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Отырар ауданының әкімі болып Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі лауазымына ұсынылған Қайрат Жолдыбайұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда Шардара қаласында өмірге келген. Білімі жоғары, біліктілігі экономист-менеджер.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарын және ғылымды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2003-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сатып алулар және жекеменшік бөлімінің жетекші маманы, ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар комитетінде бас маман, бас сарапшы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, Ордабасы ауданының әкімі, Шардара ауданының әкімі лауазымдарында абыройлы қызмет атқарған.