Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бір ауылға таза ауыз су берілді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бір ауылға таза ауыз су берілді
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бір ауылға таза ауыз су берілсе, екінші ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Республика күні мерекесіне орай Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Жонарық елді мекенінде медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысан тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алады. 

Түркістан облысында
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталдаған. Мұнда дәрігерлер әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдап, медициналық көмек көрсете алады. 

Түркістан облысында
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ал Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға таза, сапалы ауызсу берілді.

Жаңатұрмыс елді мекеніне ауыз су жүргізу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Енді елді мекендегі 480 тұрғын үй сапалы таза ауыз сумен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар