Түркістан облысының табиғат қорғау прокуроры ауысты
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып Айбек Қанатбеков тағайындалды.
Айбек Мырзабекұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
Әр жылдары Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Атырау облысы мен Астана қаласының прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментінде Бас прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 13 жыл 4 ай.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалғанын хабарлаған едік.