Түркістан облысының тұрғыны мешітте тұрған садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлап кеткен

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Қайырымдылыққа арналған қаржыларды қолды еткен күдікті қамауға алынды.

шымкент мешіт
Фото: dzen.ru

Күдікті Келес ауданының мешітінде тұрған садақа жәшігінен 60 мың теңгені алып кеткен. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданындағы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфтен қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлаған.

«Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтады. Криминалистикалық әдістердің көмегімен Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады. Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасуда», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар