Түркістан облысының туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Асқар Әбубәкіров Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Түркістан облысының туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Open Turkistan туристік ақпараттық орталығы

Асқар Әбубәкіров 1983 жылы 19 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және өзбек тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ ұлттық компаниясында бастаған. Мұнда жетекші маманнан бастап бас маман, бас менеджер қызметтерін атқарып, кейін сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры және жоба директоры болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы, 2011-2012 жылдары «Шымкент» ӘКК» АҚ-ның маркетинг департаментінің директоры болды.

Сондай-ақ 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан құрылған еліміздегі алғашқы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.

2013-2021 жылдары «Атамекен» ҰКП жүйесінде түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етті. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры, Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары және «Менің Атамекенім» қорының креативті директоры болды.

2021-2022 жылдары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2022-2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Бәсекелестік ортаны зерттеу орталығында жоба менеджері қызметін атқарды.

2023-2025 жылдары «Атамекен» ҰКП HR департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті. Сонымен қатар «One Village — One Product» халықаралық жобасының маркетинг тобына жетекшілік етті.

2025-2026 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті болды.

2026 жылғы қаңтардан бастап осы тағайындауға дейін Open Turkistan туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды.

Отбасылы, төрт баласы бар.

Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын жазған едік.