Түркістан және Жамбыл облыстарының аралығында жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан және Жамбыл облыстарының аралығында ауа райының бұзылуына байланысты шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

Фото: Есенжол Исабек
Фото: Есенжол Исабек

— Ауа райының бұзылуына байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсанда сағат 09:00–да Түркістан облысында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан — Қарабұлақ ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Қазір жолшылар жолды қардан тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.

— Ескертеміз, жолдағы ауа райы жағдайын алдын ала біліп, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз! 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — деп ескертті компания жүргізушілерді.

Айта кетейік, бұған дейін Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейінгі аралықта жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар