20:11, 28 Қазан 2024 | GMT +5
Түркістанда 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістандық тәртіп сақшылары 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті ұстады.
Бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктілерге 2009 жылдан бері өз елдінде іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады. Барлық жағдайлар анықталуда» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында атыс болып, үш адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.