Түркістанда күйеу жігіт той үстінде аспанға оқ атты

той
Фото: видеодан алынған скрин

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде той салтанатын ұйымдастырған жастар назарға іліккен. 

Жас жігіттердің шектен шығып, аспанға қарумен оқ атқаны, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны видеодан көрініп тұр. 

Оқиға Сайрам ауданында болған.

Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алынып, қолындағы сигналдық зат болып шықты.

Жас жігітке ӘҚБтК 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

«Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігімен, Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара қолданылды. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды» дейді полиция.

Соңғы жаңалықтар