18:01, 29 Қазан 2025 | GMT +5
Түркістанда марқұмның туысынан ақша талап етті делінген морг тексеріледі
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Түркістан облыстық патология-анатомиялық бюро қызметкері мәйітті жерлеуге әкету үшін туысынан ақша талап еткені туралы бейнежазба тарады.
Онда ағасы қайтыс болған тұрғын мәйітті Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніне алып кете алмай тұрғанын және мекеме қызметкері 35 мың теңге талап еткенін айтып, шағымын білдірген.
Бұл мәселеге қатысты Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсінік берді.
– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ішкі тексеру жүріп жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады, – делінген басқарма ұсынған ресми ақпаратта.
Бұдан бұрын медицина саласын цифрландыру бойынша Қазақстан 2026 жылға дейін біртұтас экожүйе құратынын жазған едік.