Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда

Кешеннің негізгі идеясы – түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда

Орталықтың архитектуралық шешімі ерекше символикалық мәнге ие. Кеңістікте түркі дүниетанымындағы Тәңір, Ергенеқон, Көкбөрі, Жерұйық, Дала, Өмір ағашы сияқты маңызды ұғымдар бейнеленеді.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда

Ал мазмұндық құрылымы жағынан экспозициялар бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінеді.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Фото: Ақорда

Көрермендер тарихи оқиғаларды терең сезіну үшін виртуалды және толықтырылған шынайылық (VR, AR), голография, жасанды интеллект, иммерсивті дыбыс пен жарық секілді озық технологиялар қолданылады. 

Айта кетелік Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысқан еді.