Түркістанда жиһаз цехы өртеніп, екі жұмысшы күйіп қалды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Цехтың екі қызметкері өртті өздігінен сөндірмек болған. Қазір науқастар қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқиға күндізгі сағат 11:00 шамасында болды. Қызылорда тас жолы бойында орналасқан жиһаз цехынан өрт шығып, шатырының біршама бөлігі жанып кеткен. Ал өрт сөндірушілер келгенше жалынды өздігінен сөндірмек болған екі жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір ем қабылдап жатыр.

«Өртті сөндіруге 10 техника қызметкері жұмылдырылды. Төтенше жағдай қызметінің күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы 1150 шаршы метр. Себебі анықталып жатыр», - деді Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсенов.
Бұған дейін әйелін танысымен бірге зорлаған Түркістан облысының тұрғыны сотталғанын жазған едік.