Түркістандағы «Керуен-сарай» кешеніне қойылған декоративті «шарды» жел ұшырып кеткен
Түркістандағы «Керуен-сарай» кешеніне қойылған декоративті «шарды» жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан «Керуен-сарай» кешеніне сән үшін орнатылған «шардың» домалап жүргенін көруге болады. Онда декорациялық заттың мұз үстімен домалап келіп, ағашқа соғылғанын көруге болады. Аталған видеоға қатысты кешен менеджері Асхат Тулматов пікір білдіріп, себебін түсіндірді.
«Бұл 28 желтоқсан күні болған жағдай. Түркістан қаласында қатты жел болып, салдарынан біршама нысандарға залал келді. Кешен аумағына қойылған декорациялық домалақ шарлардың салмаға өте жеңіл болып келеді. Бір адам дөңгелетіп алып кете алады. Жеңіл зат болған соң жел қозғап жіберген. Қазір барлығын қайтадан орнатып қойдық. Сәндік «шарлар» орнында тұр», - деді ол.