Түркістандағы жол апаты: 16 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістандағы жол апатының салдарынан 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kazinform.
Қазір жеңіл көлік жүргізушісі Түркістан қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 6 адам сынық-сырқат бөліміне жатқызылған. 9 адам дәрігерлерге қаралған соң үйлеріне қайтарылды.
«Қазір жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың жағдайы ауыр. Қалғандары сынық сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр» - деді Түркістан қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сапарәлі Әбдиев.
Айта кетейік, бүгін Түркістанда болған жол апатының салдарынан автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті.