Түркістандық әжелер ұлттық киімдердің сән үлгісін көрсетті

Әжелер
Фото: Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Түркістан қаласындағы «Белсенді өмір сүру» орталығының ақ жаулықты әжелері мен аналары түрлі ою-нақыштар бейнеленген киімдердің сән үлгісін көрсетті. Ал мәдениет үйінің бишілері қазақ халқының этно стильдегі ұлттық киім үлгілерінің топтамасын ұсынды. Ұлттық киімдерді дәріптеп, насихаттауды мақсат еткен шарада өнерлі жастар «Асатаяқ» биін билеп, «Наурыз амал» әнін орындады. «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерін төгіп, мерекенің ажарын ашты. 

Әжелер
Фото: Kazinform

Шара соңы өңірімізге белгілі өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетейік, өңірдегі мемлекеттік қызметшілер мен мекеме жұмысшылары бүгін жұмысқа ұлттық киіммен келді.

Жігіттер ою-өрнегі бар кастюм кисе, қыздар әшекейленген камзолдармен қызмет көрсетіп жатыр. 

Ұлыстың ұлы күніне орай өтіп жатқан іс-шараға квизисектордағы мекеме қызметкерлері мен мектеп ұжымдары да қолдау білдіруде.

Әжелер
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар