Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетінен шақырту алды

оқушы
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария елдерінің әлемге танымал жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі бағыттарда бағын сынай отырып, бірқатар жетістікке қол жеткізді.

Интеллектуалды жарыстар, оның ішінде шахматпен ерекше айналысты.

Соның арқасында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қола медаль жеңіп алды. 

«8-ші сыныпта IT саласына қызығушылығым оянып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен Hackathon атты жарыстан алтын медаль жеңіп алдым, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының Eco Turkistan клубының мүшесі болдым. Кейіннен Кентау қаласында өзімнің Green Team атты жеке экоклубымды аштым»,-дейді Ислам Абдурахманов. 

11-сыныптан бастап жоғары оқу орнына түсуге дайындықты қолға алған Ислам әлемнің 6 елінен 40-тан астам университке шақырту алып, облыстың абыройын асқақтатты.

Исламның таңдауы АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласындағы North American University (NAU) мекемесіне түсті.

Үздік оқушы шетелде білім алып, отанға оралып, еңбек етуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар