Түркістандықтар әр сенбі сайын 150 тонна қоқыс жинайды
Түркістандықтар әр сенбі сайын 150 тонна қоқыс жинайды, деп хабарлайды Kazinform.
Түркістан қаласында «Менің елім - менің туым» экоакциясы басталды. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер қатысты.
Жалпықалалық сенбілікте қаладағы саябақтар мен гүлзарлардың аумағы қоқыстан тазартылды. Кең көлемде өткен тазалық акциясына 1000-нан астам адам қатысып, белсенділік танытты.

«Түркістан қаласы 6 аумаққа бөлініп, жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 30-дан астам техника жұмылдырылды. Әр апта соңында сенбілікшілер кемі 150 тонна қоқыс жинайды. Жалпықалалық сенбілік бір айға жалғасады. Ай ішінде тазалық, ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылады» - делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

