20:41, 31 Наурыз 2017 | GMT +6
«TURKVISION» 2017 жылы Қазақстанда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл ақпаратты журналистерге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы - «TURKVISION» қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсын тамыз айында Астанада өткізуді жоспарлап отырмыз. «TURKVISION» миссиясы - түркі мәдениетін насихаттау, түркітілдес музыканттар көрермендерінің аясын кеңейту, ортақ мәдени кеңістік құру және туыстас халықтар мен елдер арасында достық қарым-қатынастарды орнату»,-деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрынғы «TURKVISION» байқауында Қазақстан намысын қорғаған Жанар Дұғалова 1-орын алған болатын.