«Turkvizyon-2015» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеу финалына өткен өнерпаздар анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша байқаудың ресми сайтына ел намысын халықаралық додада қорғауға ниет білдірген сексеннен астам қатысушының өтініші келіп түсті. Нәтижесінде байқау сарапшылары бір ауыздан 19 финалистің есімін анықтады.
Сонымен «Turkvizyon-2015» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеуіне қатысуға Ардақ Алекешев, Альбина Оганесян, Азамат Бекбергенов, «Арай» тобы, AIBOO, Бауыржан Ретбаев, Бейбіт Қошқалиев, Гүлмира Жұмабекова, Диас Аблаев, Ерген Айтымбетов, «Индиго» тобы, Қамар сұлу, Мархаба Сәби, «Орда» тобы, Райым Уайыс, Руслан Бердиматов, Рүстем Жүгінісов, «Сарын» тобы мен Ханайым сынды озық шыққан өнер иелері жолдама алды. ІІІ халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының ұлттық іріктеу финалы 2015 жылдың 6 қарашасында өтеді. Байқау жеңімпазы «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді, деп хабарлайды baistars.kz.