Түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскерилер қазақ тілін білуден сайысқа түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орналасқан ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскери қызметшілердің арасында қазақ тілін білуден сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөзінің мәлімдеуінше, әскери құрылымға қарасты Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Алматы облысының Ұзынағаш аулынан шақырылған ұландық сайыскерлер шараға үлкен дайындықпен келген. Сайысқа жеті үміткер қатысып, өз бөлімдерінің намысын қорғаған.  
null  

 «Мақал-мәтел айтудан жарысқа түскен әскерилер арасында сержант Александр Щелоков қатарластарынан оқ бойы озып шықты. Ол өзін таныстыруда да домбыраны  айтыстың мақамымен шертіп, көрерменді бірден баурап алған еді. Шымкенттен келген  әзербайжан ұлтының өкілі сержант Нұраддин Мұстафаев қазақтың салт-дәстүрін терең ойлы сөздермен жеткізіп, парасатты қазақ ер-азаматының тұлғасын көрсете алды. Ал сайыскерлер ішіндегі ең жасы қатардағы Александр Мамыкинге төтеп берер қарсылас болмады. Александрдың сөз саптауы, ой қорытуы, таным-түйсігі мен білімі артымызда келе жатқан жас толқын ұрпақтың шығар биігін көрсеткендей. Ол осы шараның өзіне жаңа үлгі алып келді. Күні кеше, Отан қорғаушы күні жауынгерлік парадта шырқалған «Мен қазақпын» әнін рухтанып, арқаланып айтты», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Байқау қорытындысы бойынша 6698-әскери бөлімінен келген сержант Нұраддин Мұстафаев 3-орынды, 7552-әскери бөлімінен қатысқан сержант Александр Щелоков 2-орынды, ал 28237 әскери бөлімінен сайысқа түскен қатардағы Александр Мамыкин 1-орынды иеленді.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар