Түрме ауласына телефон мен есірткі лақтырмақ болған тұрғын ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны түрме ауласына телефон мен есірткі лақтырмақшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
ФОТО: Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемесіне телефон мен есірткі өткізбекші болған ер адам ұсталды. Мопед мініп келген оның үстіндегі киімінде «доставщик» деген жазу болған. Күдікті қолындағы сары түсті сөмкесінен полиэтилен пакетті алып, мекеменің ішкі аумағына лақтыруға әрекеттенген. Дегенмен күзет қызметі оны қолға түсірді.

Тексеру барысында күдіктіден 2 дана сенсорлы ұялы телефон, 2 дана сим карта және 2 дана қуаттағыш табылды. Ал екінші орамада спецификалық иісі бар, кептірілген жасыл түсті шөп тәріздес зат болған. Сондай-ақ, жеке басына тінту-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қалтасынан пакетке салынған ақ, қара түсті белгісіз заттар және бір дана сіріңке қорабына жасырылған спецификалық иісі бар, кептірілген жасыл шөп тәріздес зат тәркіленді.

«Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасының қорытындысымен шалбарының қалтасынан тәркіленген полиэтилен пакеттегі ақ, қара түсті белгісіз заттар «мэфедрон» синтетикалық есірткі заты, ал сіріңке қорабына жасырылған спецификалық иісі бар, кептірілген жасыл шөп тәртіздес заттың «марихуана» екені белгілі болды» - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар