Түрме дәрігерлері Денсаулық сақтау министрлігіне қарауы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түзеу мекемелерінің дәрігерлері Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болуы қажет. Бұл туралы бүгін «Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы» атты конференция барысында Адам құқығы жөніндегі уәкілдік жанындағы үйлестіруші кеңестің мүшесі Сергей Молчанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан мүгедектер құқығы туралы конвенцияны ратификациялаған. Біз пенитенцинарлық жүйеде мүгедектерге арналған инфрақұрылымның жоқтығын айта бастағанымызда олардың Қылмыстық атқару кодексі бойынша өмір сүретіндігі анықталады. Мен оларды да түсінемін, олар офицерлер, пагон тағып жүр және өз заңдарынан аттап кете алмайды. Алдыңғы қатарлы халықаралық нормативтік актілерді ратификациялағандығымызды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау қажет», - деді ол.
Сонымен қатар кеңес мүшесі дәрігерлердің қылмыстық-түзеу мекемесі басшыларына тәуелді екендігін атап өтті.
«Пенитенциарлық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты айтар болсақ, олар аталған мекеме басшысына бағынады. Осындай мекемелердің біріне кіргенімізде соққыға жығылған сотталушыны көрдік және медициналық кітапшасын көрсетуін сұрағанымызды онда түк жазылмаған болып шықты», - деді Сергей Молчанов.
С.Молчанов түзеу мекемелерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын да жетілдіру қажеттігін айтты.
«Дәрі-дәрмектің де түрі өте аз, екі-үшеу ғана. Ортопедиялық, стоматологиялық мәселелер де толық шешілмеген. Сондықтан дәрігерлерді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағанына шығарып алып, Денсаулық сақтау министрлігіне беру қажет», - деді ол.