Түрме қызметкерлері жазасын өтеуші науқас үшін қан тапсырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 түзету мекемесінің ұжымы «Қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла» атты үндеумен Қызылорда облыстық қан тапсыру орталығына барып, қан тапсыру қайырымдылық акциясын өткізді.

Түрме қызметкерлері жазасын өтеуші науқас үшін қан тапсырды

Акцияға 20-ға жуық мекеме қызметкері қатысты. Іс-шара аталған мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан науқас, қанға мұқтаж болып отырған Бабыр Шакаримовке көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылды. 

Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіріп, қолдарынан келгенше қол ұшын созу - әрбір дені сау адамның азаматтық парызы. Сондықтан, мекеме бастығы әділет майоры Т.Қалымбетов мұндай игі шара жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналатындығына сенім білдіріп, науқас Б.Шакаримовтың сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.