Түрмеде бірнеше тұтқын аштық жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Орлов облысындағы түрмеде отырғандардың аштық жариялауы фактісін тергеушілер тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ресей Тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.

Түрмеде бірнеше тұтқын аштық жариялады

«Ресей федералдық жаза өтеу қызметі басқармасының Орлов облысындағы №2 түзеу колониясының тоғыз тұтқыны тәртіп шаралары қолданылатын ғимаратта тамақ ішуден бас тартатынын мәлімдеген. Олар тұтқында ұстау режімін жеңілдету мәселесінде өз талаптарын айтып отыр», - делінген хабарламада.

Тергеушілер тұтқындардың айтқандары мен түрме қызметкерлері қолданған шаралардың заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды interfax.ru.