Түрмеде жатқан актёр Симпсонның үйі 1,3 млн долларға аукционға қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Невада штатындағы түрмеде жатқан актёр және америкалық футболдың экс-ойыншысы  О. Джей Симпсонның үйі 1,3 млн долларға сатылымға қойылды.

Түрмеде жатқан актёр Симпсонның үйі 1,3 млн долларға аукционға  қойылды

 Бұл туралы TMZ хабарлады.

Бұл үй 2014 жылы Симпсон түрмеде жатқан кезінде  513 мың долларға сатылып кеткен. Енді актёрге баспанасын қайтаруы үшін үш еседен жоғары қаражат төлеуі тиіс.

Еске сала кетсек, 20 шілдеде ол сот шешімімен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған еді.

Симпсонның 1 қарашада бостандыққа шығуы ықтимал.