Түрмедегі бүлік: 9 адам қаза тауып, 106 қылмыскер қашып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда Гояс штатындағы түрмеде 2 қаңтарда болған бүліктен қамаудағы тоғыз адам қаза тапты және 14-і зардап шекті, деп жазады ТАСС.
Globo теларнасының хабарлауынша , қақтығыс кезінде пенитенциарлық мекемеден 106 қылмыскер қашып кеткен. Қазіргі уақытта олардың 29-ы ұсталды. Сондай-ақ 127 қамалушы бүлік кезінде түрмені тастап шыққан, бірақ тәртіпсіздік біткеннен кейін қайта оралған.
Екі банданың арасындағы көтерілістен туындаған бүлікті басуға екі сағат уақыт кетті.