Түрмедегі төбелестен 17 адам қаза болды

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Мексика түрмелерінің біріндегі айыбын өтеушілер арасында болған төбелестан 17 адам қаза болып, тағы 65 тұтқын жарақат алды, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Сан-Луис-Потоси штатындағы «Ла-Пила» түрмесінің тұтқындары таңғы сағат 4 кезінде төбелескен. Олардың кейбірі ас пышағын қолданған. Оқиға орнын тәртіп сақшылары қоршауға алды. Жергілікті прокуратура өкілдері жараланған 65 адамның 22-сі ауыр халде екендігін мәлімдеді. Тергеу барысында түрме басшылығының оқиғаға қатысы бар-жоғы да анықталады.

Соңғы жаңалықтар