Түрмедегілердің санын азайту жөнінде тұжырымдама жасалды - Жоғары Сот
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары Сот пен Бас прокуратура әзірлеген түрмедегілердің санын азайту жөніндегі тұжырымдама оң нәтижесін беріп отыр. Бұл туралы бүгінгі ОКҚ брифингінде Жоғарғы Сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров мәлім етті.
«Өткен жылдың желтоқсан айында Бас прокуратурамен бірлесіп, түрмедегі адамдардың санын азайту жөнінде тұжырымдама жасалды», - деді ол өз сөзінде. Оның айтуынша, Тұжырымдаманың мақсаты қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және балама шараларды кеңінен қолдану болып табылады. «2013 жылы сотталған барлық азаматтардың 39% ғана бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4% аз»,- деп түйді сөзін ол.