Түрмеден 150-ден астам тұтқын қашып кетті

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Индонезияның Суматра аралындағы Медан қаласының түрмесінен кеше кешкісін бүлік кезінде кемінде 150 тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Утро.ру.
None
None

Жергілікті биліктің ақпаратына қарағанда, бүлік түрмеде су жетпеуі салдарынан орын алған. Ал судың берілмеуіне электр энергиясының кезекті мәрте өшірілуі себеп болды. Бүлік кезінде тұтқындар түрмені өртке ораған.

Полиция мен әскери қызметшілер Медан көшелерінен қашқындарды іздеуде. Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, бірқатар қашқын лаңкестік бабы бойынша сотталған.

Соңғы жаңалықтар