Түрмеден қашқан әйел бір тәуліктен кейін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош қаласында колониядан қашқан жазасын өтеуші әйел ұсталды. Бұл туралы КирТАГ хабарлады.

Түрмеден қашқан әйел бір тәуліктен кейін ұсталды

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде №2 МҚӨҚ мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ташполот қызы Назакат түрмеден қашып шыққаннан кейін бір тәуліктен соң, яғни 23.08.2015 жылы сағат 19:30 ұсталды. Оны Ош-Баткен бағытындағы автотұрақта Ош қаласындағы №25 мекеменің қызметкерлері қолға түсірді», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қашудың мән-жайы анықталуда.