Түрмелерге есірткі жеткізбек болғандары үшін жылдың басынан бері 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ағымдағы жылдың басынан бері түзету мекемелеріне есірткі жеткізбек болғандары үшін 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды,
деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі есеге өсіп отыр. Атап айтқанда, өткен жылдың 9 айында ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы бойынша (есірткі заттарын тарату, тасымалдау, өткізу) сотталғандарға және тергеуде отырғандарға есірткі жеткізбек болған 65 азаматтық тұлға жауапкершілікке тартылған.