Түрмені роботтар бақыламақ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның түрмелерін роботтар бақылайтын болды. Жергілікті ғалымдар Robo-Guard есімді «күзетшілерді» алғашқы сынақтан өткізіп жатыр.
None
None

«РосБизнесКонсалтинг» порта­лы­ның хабарлауынша, құлтемірлер түзеу мекеме­лері аумағын күзету үшін жасалған. Олар сотталған­дар­дың қашу және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін дер кезінде байқап, күзет қызметіне хабар бере алады. Robo-Guard роботтары 3D-камерамен, арнайы бағдар­ла­малармен жабдық­талған. Робот компьютермен және iPad-пен басқарылады.

Бұдан былай түрме бақылаушыларына бейнебақы­лау қондырғыларын тексермей-ақ қоюға бо­лады.

Соңғы жаңалықтар